Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы

Мектеп
ресми сайтына
Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
2024-2025 оқу жылына 5 сыныпқа білім алушыларды қабылдау
01
февраль
2024
2024-2025 оқу жылына 5 сыныпқа білім алушыларды қабылдау
Құрметті ата-аналар және оқушылар! Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі 2024-2025 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады. Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. Лицейге қабылдау 5 - сыныптарда жүзеге асырылады. Құжаттарды онлайн - тіркеу
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
24
ноябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
🌀Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы Құрметті ата-аналар! Биылғы жылдың басты ерекшелігі -“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталығының және “Даналық мектебінің” құрылуы. 🌀Орталық мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен дамытуда мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Міндеттері: 1. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік
Алмалыбақ амбулаториясының психолог маманы Дүйсенбаева Нурсауле Жарылқапқызының  қатысуымен  түсіндіру жұмыстары жүргізілді
23
ноябрь
2023
Алмалыбақ амбулаториясының психолог маманы Дүйсенбаева Нурсауле
♦️Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде медбике Г.Жүнісханқызының ұйымдастыруымен Алмалыбақ амбулаториясының психолог маманы Дүйсенбаева Нурсауле Жарылқапқызының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ♦️Кездесу тақырыбы: 1-желтоқсан Дүниежүзі бойынша ЖИТС-пен күрес күніне орай "Житс-ғасыр дерті", “АИТВ инфекциясы және оның алдын алу” Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, маңызы бар аурулардың алдын-алу. Кездесуге 8-9 сынып оқушылары қатысты.
*Қызылша* ауруының өршуіне байланысты профилактикалық ағарту жұмыстары жүргізілді
22
ноябрь
2023
*Қызылша* ауруының өршуіне байланысты профилактикалық ағарту
♦️2023 жылдың 13-17 қараша аралығында Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде медбике Г.Жүнісханқызының ұйымдастыруымен *Қызылша* ауруының өршуіне байланысты профилактикалық ағарту жұмыстары жүргізілді. Оқушылардан Қызылша ауруының алдын алу мақсатында диктанттар алынып, слайд, видеороликтер көрсетілді. ♦️Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, маңызы бар аурулардың алдын-алу.
Қауіпсіздік оқу-жаттығуы
20
ноябрь
2023
Қауіпсіздік оқу-жаттығуы
🔺Қауіпсіздік оқу-жаттығуы 2023 жылдың 17 қараша күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде төтенше жағдайларға байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу жаттығуы өткізілді. Қауіпсіздік оқу жаттығуына 5-11 сынып оқушылары мен лицей мұғалімдері, техперсоналдары қатысып, төтенше жағдайларға байланысты қауіп төнген жағдайдағы іс-әрекет практика жүзінде көрсетілді. 🔺Қауіпсіз ара қашықтыққа оқушылар құрамынан сақшылар қойылып, оқушыларды қауіпті орынға жақындатпай, арнайы
8-11 сыныптар арасында Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті
14
ноябрь
2023
8-11 сыныптар арасында Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 8-11 сыныптар арасында Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 54 оқушы қатысып, ең жоғары ұпай жинаған екі білім алушы: ✅10 Ә сынып оқушысы Алдамұратова Алима; ✅9 А сынып оқушысы Исмагулова Алуа облыстық кезеңге жолдама алды. 🍀Қатысушыларға сәттілік!  
"Зерде" зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
13
ноябрь
2023
"Зерде" зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті
10 қараша күні Мамандандырылған Ш.Смағұлов лицей-интернаты базасында Алматы облысының 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті. Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінен жүлдегер атанған оқушылар: 🌸Каиржан Айназ, ағылшын тілі - 3 орын, Қарамолдаева Б.; 🌸Берген Әсем, ағылшын тілі - 3 орын, Аудекова А.; 🌸Слямбаев Батыр, спорт және туризм - 3 орын, Мейрманова Д.; 🌸Қадіржан Кәусар, қазақ тілі - 3 орын, Сәрсенғалиева М.; 🌸Нураш Кәусар, орыс тілі - 3
"Махамбет оқулары" байқауы өтті
13
ноябрь
2023
"Махамбет оқулары" байқауы өтті
Бүгін Қонаев қаласында Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық "Махамбет оқулары" байқауы өтті. 5 бағыттан тұратын додада "Шашақты найза, шалқар күй" номинациясы бойынша Махамбеттің "Жұмыр қылыш" күйін шебер орындағаны үшін лицейіміздің 10Г сынып оқушысы Жақыпбек Аманжол 1 орын жеңімпазы атанып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Сапарханова Гульнара Рахимжановна. Жеңіс құтты болсын!!!💐
Қарасай аудандық аурухана дәрігері, уролог Е.Шайзатұлының қатысуымен 10-11 сынып ұлдарымен кездесу өтті
06
ноябрь
2023
Қарасай аудандық аурухана дәрігері, уролог Е.Шайзатұлының қатысуымен
♦️Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 6 қараша күні медбике Г. Жүнісханқызының ұйымдастыруымен Қарасай аудандық аурухана дәрігері, уролог Е.Шайзатұлының қатысуымен 10-11 сынып ұлдарымен кездесу өтті. ♦️Кездесу тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы ер балалардың репродуктивті денсаулығын нығайту және сақтау. Мақсаты: оқушылардың тіршілік жағдайында дұрыс тамақтануына, экологиялық сақтануына, аурудың алдын-ала отырып денсаулықты қорғауына ықпал ету. Қатысушылар саны: 96 оқушы.
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
01
ноябрь
2023
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
“Алматы облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы “Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі” КММ Ата-аналар мен балалар НАЗАРЫНА!⤵️ Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша “АMANAT 111” БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Жаңалықтар топтамасы


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru