Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72771) 5-39-39
Version for
visually impaired
03
September
2021

Тәуелсіздік құрдасы

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздігімізбен қатар ашылған Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясына да 30 жыл!
Бүгінгі гимназия 1991 жылы еліміз егемендік алған тұста ауыл тұрғындары мен аяулы ұстаздардың табанды еңбектерінің нәтижесінде аудандағы 40 мектептің ішіндегі екінші қазақ мектебі болып ашылған болатын. Мектепке Қарасай аудандық атқару комитетінің 1991 жылғы 15 маусымдағы шешімімен ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби есімі берілді. Әлем таныған екінші ұстаздың есімін беруді ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Әйіп Ысқақов ұсынған болатын.
30 жылдық тарихында гимназия еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі ретінде танылды. Гимназия абыройын өзінің қажыры мен қайратын, өлшеусіз еңбегі мен білімін мектеп мәртебесіне арнаған білікті ұстаздарымыз бен дарынды шәкірттеріміз асқақтатуда. Білім, өнер, спорт салалары бойынша халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары саны жылдан жылға еселенуде.
Тәуелсіз ел төрінде ұлы баба есімін иеленген алтын ұя гимназиямыздың жалауы биіктерде желбірей берсін!


ciprofloxacina 1000

Our address
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина the outside, 9 house

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru