Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72771) 5-39-39
Version for
visually impaired
» » Облыстық семинардың ІІ бөлімінде қазақ және ағылшын тіліндегі дебат ойындары көрсетілді
01
November
2021

Облыстық семинардың ІІ бөлімінде қазақ және ағылшын тіліндегі дебат ойындары көрсетілді

«Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер және мүмкіндіктер» атты облыстық семинардың ІІ бөлімінде қазақ және ағылшын тіліндегі дебат ойындары көрсетілді. Бүгінгі таңда гимназияда «Дебат» жобасы жүзеге асырылуда. Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және нағыз білім беру технологиясы. Гимназия Сүлеймен Демирель Университетімен тығыз шығармашылық байланыс орнатып, бүгінде бірлесе жұмыс атқаруда. Семинарда SDU мамандары мен «Дебат» клубының мүшелері АПФ форматында (Америкалық парламенттік формат) 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен дебат ойынын көрсетті. Сонымен қатар, «Дарынды ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты 5-сынып оқушыларын гимназия қатарына қабылдау және 7-сыныптарды жас Дарын қатарына қабылдау дәстүрлі мерекесі өткізілді.








ciprofloxacina 1000

Our address
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина the outside, 9 house

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru