Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72771) 5-39-39
Version for
visually impaired
» » 2023-2024 оқу жылына қабылдау туралы ақпарат
10
февраль
2023

2023-2024 оқу жылына қабылдау туралы ақпарат

Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі 2023-2024 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Лицейге қабылдау 5 - сыныптарда жүзеге асырылады.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://www.qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша өтеді.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1. Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (сайттағы үлгі бойынша);
2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4. Оқушының сандық фотосуреті;
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда)

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Конкурстық іріктеу уақыты тіркеу кезінде көрсетілген электронды мекен жайға және телефон номеріне алдын ала хабарланады.

Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің ғимаратында өтеді.

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
  • математика және логика - 30 сұрақ;
  • оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ

Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Техникалық сұрақтар бойынша 87277153939, 87774854394 телефондарына хабарласыңыз.


ciprofloxacina 1000

Our address
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина the outside, 9 house

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
All rights reserved Project "Interactive School". Technical support "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru