Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72771) 5-39-39
Версия для
слабовидящих
» » Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізу
24
март
2022

Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізу

Алматы Облысының Білім Басқармасы
2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізу туралы
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМА
 
Алматы облысында 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың (бұдан әрі - Олимпиада) үшінші (облыстық) кезеңі білім басқармасының 2022 жылдың 10 наурыздағы №255-н бұйрығы негізінде 24 - 30 наурыз күндері аралығында өткізіледі.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиада Талдықорған қаласындағы «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Коммерциялық емес ақционерлік қоғамының (Жансүгіров улица, №187а) базасында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға облыс аймақтары мен білім беру ұйымдарынан жалпы 1090 оқушы қатысады деп күтілуде.
Жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша 24-25 наурыз күндеріндегі қатысушылар саны: 9 сынып – 182, 10 сынып – 169, 11 сынып – 153, жалпы – 504 оқушы.
Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша 28-29 наурыз күндерінде қатысушылар саны: 9 сынып – 200, 10 сынып – 199, 11 сынып – 187, жалпы – 586 оқушы.
Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес, әрбір жалпы білім беретін пән бойынша әр қатысушы «Oqylyq» платформасына қосылуға веб-камерасы бар жеке компьютермен қамтамасыз етіледі.
Жалпы білім беретін 14 пән бойынша әрбір қатысушыға жеке логин/пароль және жауап парақтарының бланкілері (тізіліммен) беріледі. Логин/пароль республика бойынша белгіленген бірыңғай уақытта онлайн платформада тапсырмалар алу үшін қолданылады.
Әр қатысушыға арналған тапсырмалар жеке таңбаланған. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысы, онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Тур аяқталғаннан кейін жауапты тұлға (IT-маман) көп функциялы құрылғыға (МФУ) жауап бланкілерін сканерлейді. Жұмыстың сканерленген слабовидящихн файл атауын дұрыс толтырумен IT-маман одан әрі шифрлау, сайтта жариялау және қазылар алқасына тексеру үшін желідегі папкаға жүктейді.
Олимпиаданың қорытынды хаттамалары «Жетісу дарыны» орталығының сайтына жарияланады.
Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі емес «үшінші тұлғалар», яғни облыстың «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері және ЖОО оқытушылары бақылайды.
Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!
ПРЕСС - РЕЛИЗ
о проведении третьего (областного) этапа республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам в 2021-2022 учебном году
В период с 24 по 30 марта 2022 года на основании приказа Управления образования №255-н от 10 марта 2022 года проводится третьий (областной) этап Республиканской олимпады (далее - Олимпиада) по общеобразовательным предметам.
Основные цели и задачи олимпиады: развитие творческих способностей обучающихся, углубление теоретических знаний и практического мастерства, содействие личностному саморазвитию, создание условий для выявления одаренных детей, отбор и подготовка учащихся, участвующих в международных олимпиадах, повышение престижа образования в Республике Казахстан.
Олимпиада проводится на базе некоммерческого акционерного общества «Жетысуский университет имени Ильяса Жансугурова» г. Талдыкорган (ул. Жансугурова, №187а).
Ожидается, что в Олимпиаде примут участие 1090 учащихся из регионов области и организаций образования.
Количество участников по естественно – математическому направлению с 24 по 25 марта: 9 классов - 182, 10 классов – 169, 11 классов – 153, всего – 504 учащихся.
Количество участников по общественно – гуманитарному направлению с 28 по 29 марта: 9 классов - 200, 10 классов – 199, 11 классов – 187, всего – 586 учащихся.
В соответствии с требованиями к проведению олимпиады, по каждому общеобразовательному предмету каждый участник обеспечивается персональным компьютером с веб-камерой для подключения к платформе «Oqylyq».
По 14 общеобразовательным предметам каждому участнику выдается индивидуальный логин/пароль и бланки листов ответов (с реестром). Логин / пароль используется для получения заданий на онлайн-платформе в установленное по Республике время.
Задания для каждого участника маркируются индивидуально. В целях сохранения открытости и академической честности проведения Олимпиады обеспечивается система видеонаблюдения для просмотра в режиме онлайн.
По окончании тура ответственное лицо (IT-специалист) сканирует бланки ответов на многофункциональное устройство (МФУ). Отсканированную версию работы при правильном заполнении имени файла IT-специалист загружает в онлайн-папку для дальнейшего шифрования, публикации на сайте и проверки жюри.
Итоговые протоколы Олимпиады будут опубликованы на сайте Центра «Жетысу дарыны».
В целях обеспечения открытости и академической честности проведения Олимпиады процесс контролируются не заинтересованными «третьими лицами», то есть сотрудниками проектного офиса «Adaldyq alańy»области и преподавателями ВУЗов.
Желаем удачи участникам олимпиады!
 


ciprofloxacina 1000

Наш адрес
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина улица, 9 дом

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru