01
ноябрь
2021
Облыстық семинардың шеберлік сыныптар бөлімі бойынша ашық сабақтар көрсетілді
Магниттік мектептермен жұмыс барысындағы «Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер және мүмкіндіктер» атты облыстық семинардың шеберлік сыныптар бөлімі бойынша ашық сабақтар көрсетілді. Ашық сабақтар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, алгебра, геометрия, география, қазақстан тарихы, физика, бастауыш сыныптағы қазақ тілі, ағылшын тілінде информатика, химия, биология пәндері бойынша жүргізілді. Тәжірибе алмасуда әр сабақ бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері ұсынылып, кері байланыс берілді.