17
сентябрь
2021
Тілдер мерекесі аясындағы кездесу қонағы - Абдулла Шах мырза
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында 16 қыркүйек күні Тілдер мерекесі айлығы аясында ағылшын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесу қонағы - Қаскелең қаласындағы «CES for you» білім беру орталығына қызмет етуге келген Түркия азаматы, қазақ тілінде еркін сөйлей білетін ұстаз Абдулла Шах мырза. Абдулла Шах мырза 5 тілде еркін сөйлейтін полиглот. Гимназия оқушылары қызығушылық танытып, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде сұрақтарын қойып, мазмұнды интервью жүргізілді. Кездесуде екі ел арасындағы достық қарым-қатынаспен қатар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы да терең қамтылды.