09
февраль
2022
«Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында «Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты-оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, көшбасшылыққа бағыттау.
Сайыс 5 кезең бойынша жүргізілді. Білімімен, тапқырлығымен танылған оқушылар жүлделі орындармен және номинациялармен марапатталды.