Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2022

Көркем сөз кеңістігіндегі кемел тұлға

Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде «Тұғыры биік туған тіл» атты тілдер айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған *«Көркем сөз кеңістігіндегі кемел тұлға»* тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.
☑️ Конференцияда 9-11 сынып оқушылары М.Әуезовтің шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды. Жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары тыңдармандарға өзектілігімен, мазмұндылығымен әсер қалдырды.
☑️Конференция 5 сынып оқушыларының оқыған өлеңдері мен жазушы шығармашылығының үзінділерімен жалғасып жатты.
☑️«Бүгінгі конференцияда не қызық, не құнды?» сұрауы арқылы көрермендермен жасалған кері байланыста тыңдармандар пікірі ортаға салынды.
☑️Конференция жұмыстары терең зерделеніп, алдағы уақытта М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен өтетін республикалық шығармашылық конкурсқа ұсынылады.
Жас дарынды зерттеушілерімізге сәттілік тілейміз! 🙌




 


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru