Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
18
декабрь
2025
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі 17-18 желтоқсан күндері өтті. Әр пән бойынша І орын жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады. Хаттама 
Қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
14
ноябрь
2025
Қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық
14 қараша күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Онлайн платформа арқылы өткен олимпиадаға мектепішілік кезеңнен іріктелген 30 оқушы қатысты.
Облыстық "UstazQuiz" интеллектуалдық ойыны
14
ноябрь
2025
Облыстық "UstazQuiz" интеллектуалдық ойыны
14 қараша күні "Алматы облысының білім басқармасы" ММ-нің "Жас дарын" ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысының жоғары сынып оқушылары мен жас мамандарына арналған "UstazQuiz" интеллектуалдық ойыны өтті. Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 11Ә, Б сыныптарынан құралған оқушылар командасы үздік ойынымен ерекшеленіп,  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда құрамында: 🔹Тілектес Нұрқанат 🔹Кемельбеков Рамазан  🔹Ұзақ Алихан 🔹Асылзат Динара  🔹Сапабек Алтынай Сынып
5-6 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
13
ноябрь
2025
5-6 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша
12-13 қараша күндері Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті олимпиада нәтижесі бойынша 6 пәннен 24 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олимпиада хаттамасы Оқушыларымызға сәттілік!
Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
06
ноябрь
2025
Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
Бүгін лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға барлығы 67 оқушы қатысып, ең жоғары ұпай жинаған 4 оқушы облыстық кезеіге жолдама алды. Хаттама 
Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі
22
октябрь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының
22 қазан күні лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Хаттама Жоғары ұпай жинаған 18 жобамен 19 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
Қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада
17
октябрь
2025
Қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық
🍀Бүгін Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде  "Дарын" РҒПО-ның ұйымдастыруымен ең алғаш рет 9-11 сынып оқушыларына арналған Қаржылық сауаттылық және цифрлік қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.  🍀Мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша терең білімді жастарды анықтау, сондай-ақ білімді насихаттау және танымал ету мақсатында өткізілген олимпиадаға лицейдің 58 оқушысы қатысты. 🍀Нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған 30 оқушы
Жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсы
16
октябрь
2025
Жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты республикалық
🔹Бүгін лицейде 9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. 🔹Конкурс нәтижесі бойынша 3 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Хаттама 
5-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары конкурсы
15
октябрь
2025
5-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары конкурсы
🔹15 қазан күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 5-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.  🔹Конкурсқа барлығы 28 жобамен 33 оқушы қатысып, нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған 12 секция бойынша 12 жобамен 13 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.  🔹Облыстық кезең қатысушыларына сәттілік!!!🍀🍀🍀 Хаттама 


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru