Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2023
ДАРЫН - 2️⃣5️⃣ 📝2023 жылдың 15-16 тамыз күндері Алматы облысы, Сүлеймен Демирель Университеті базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 25 жылдығына орай «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» атты педагогикалық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттыру тәжірибесінің перспективалық дамуы, ұрпақ тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.