Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2023
17
август
2023

Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2023

ДАРЫН - 2️⃣5️⃣
📝2023 жылдың 15-16 тамыз күндері Алматы облысы, Сүлеймен Демирель Университеті базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 25 жылдығына орай «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» атты педагогикалық конференция болып өтті.
Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттыру тәжірибесінің перспективалық дамуы, ұрпақ тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
Конференцияға дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, педагогикалық салада тәжірибе алмасу, әртүрлі идеялар, дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін енгізу мәселелері талқыланды.
______________________________________
💎Жыл нәтижесі-2023
Конференцияның марапаттау рәсімінде Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2023» номинациясымен және лицей директоры Мустафина Бакшагул Байзаковна “Дарын” РҒПО 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен марапатталды.
Құттықтаймыз!👏💐
Білімнің биік шыңдарын бағындыра берейік!







ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru