Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбындағы республикалық оқу - әдістемелік кеңесі
13
январь
2023

«Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбындағы республикалық оқу - әдістемелік кеңесі

2023 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес Алматы облысы Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбындағы республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің бірінші бөлімі өтті.
Семинар мақсаты: Құндылыққа негізделген білім берудің әртүрлі аспектілері негізінде сапалы білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері мен бірыңғай ашық кеңістігін құру, жеке тұлғаның әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолайлы білім беру ортасындағы жұмыстарды жақсарту.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыстық, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, ЖОО-ның, БАҚ өкілдері, мамандандырылған лицей, гимназияның басшылары, мұғалімдері мен психологтары қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімінде Сулеймен Демирел атындағы Университет ректоры Игенбаев Алимжан Бекежанович, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызы, «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы және Алматы облысының Абай атындағы мамандандырылған гимназия-интернаты білім алушыны құндылықтар негізінде оқыту және тәрбиелеу, жаңа заман талабына сай тұлғаның мәдениетін, әдебін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау, отансүйгіштікті дарыту тақырыптарында ой бөлісті.
«Жас жеткіншектердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудегі аналардың ролі» тақырыбында «Анаға құрмет» тарихи-өлкелік мұражайының қызметкері Тойбай А.С. және «Елдікті сақтаған - Батыр бабалар» тақырыбында «Батыр бабалар» мемориалды музейінің қызметкері Әлім О.Т. шеберлік сағаттарын өткізді. Семинардың бірінші күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің «Білім.Тәжірибе.Құндылық» тақырыбындағы көрмелерімен жалғасып, лицей білім алушыларының «Өнер-білімнің шамшырағы» атты әдеби-музыкалық композициясымен қорытындыланды.

 


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru