Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді
02
декабрь
2022

«Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді

✅Облыстық семинар
2022 жылдың 30 қараша күні Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде «Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға Алматы облыстық «Жас дарын» орталығының директоры Онбырбаева Диана Тетеновна, Алматы облысының мамандандырылған лицей, гимназияларының директорлары, орынбасарлары, психологтары мен пән мұғалімдері қатысты.
✅Семинар мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар, бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасындағы ұйымдастырушылық жұмысты жақсарту.
Лицей директоры Мустафина Бакшагул Байзаковна семинарды ашып, жұмыс бағытымен, бағдарламасымен таныстырып өтті. Семинарда 4 бөлім бойынша тәжірибе алмасудың практикалық жұмыстары көрсетілді.
1️⃣Шеберлік сыныптар бөлімінде математика пәні мұғалімі Нәсір Лазат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақерке Досалиева, биология пәні мұғалімі Қабылбек Кулшаш, тарих пәнінің мұғалімі Әлімбаев Қыпшақбай ашық сабақтар көрсетті. Әр сабақ бойынша оқытудың жаңаша белсенді түрлері ұсынылып, кері байланыс жүргізілді.
2️⃣ бөлімінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А. Сайын «Лицейдің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі», оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Нуриева,
Қ. Дуйсебекова, «Мектепішілік бақылау: Мұғалімнің құзіреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі», лицей психологы А. Мукажанова «Бейімделу прогресінде психологиялық қолдау стратегиясын құру» тақырыптарында секциялық жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
3️⃣«Функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушының өзін-өзі жетілдіруінің кепілі» бөлімінде «Дебаттық қозғалыс», «Оқуға құштар мектеп» жобалары бойынша жұмыстар көрсетілді.
🔉Дебат бойынша АПФ форматында «БП Жаңа Қазақстанның басты құндылығын көрсетеді» тақырыбында мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары арасында достастық кездесу өтті. Жоба жетекшілері: Сүлеймен Демирель Университетінің оқытушысы Абдулрахманұлы Абдулкәрім, лицейдің шет тілдер жөніндегі орынбасары Г. Жакиева.
📚«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Суикимбекова 8-сынып оқушыларымен оқыған кітаптары бойынша «Бір қадам-мың мүмкіндік» ток-шоуын өткізді.
Семинардың қорытынды бөлімі ұлттық құндылықтарға негізделген «Қазақтың елі, қазақтың жері, Бабалар үні жаңғырған» атты тәрбиелік іс-шарасымен жалғасты. Концертте «Сымбат» сән театры, «Ғасырлар пернесі» ұлт-аспаптар оркестрі, «Балауса» би тобы, хор, көркем сөз үйірмелері өнер көрсетті.
✅Семинарды Алматы облыстық «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығының директоры Онбырбаева Диана Тетеновна қорытындылап, кері байланыс берілді.

 


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru