Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖОО мен мектеп: өңірлік жүйедегі интеграциялық байланыстар
02
ноябрь
2021

ЖОО мен мектеп: өңірлік жүйедегі интеграциялық байланыстар

«Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер және мүмкіндіктер» атты магниттік мектептерге арналған облыстық семинардың
SDU – ДБАГ Әл-Фараби меморандумы аясында Сулеймен Демирель университеті «ЖОО мен мектеп: өңірлік жүйедегі интеграциялық байланыстар» тақырыбында қатысушылармен кездесу өткізілді. Семинардың екінші күні секциялық жұмыстармен жалғасты. Секциялық жұмыс барысында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Сайын гимназиядағы әдістемелік жұмысты басқару мен ұйымдастырудың моделін көрсетсе, гимназия психологтары А.Мукажанова, Қ.Алматай мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Нуриева «Мектепішілік бақылау: «Мұғалімнің құзыреттілігі-нәтижеге бағытталған білім беру негізі» тақырыбында таныстырылым жасады. Сонымен қатар, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты мен гимназияның мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды.
Семинарды гимназия директоры Бақшагүл Байзаққызы қорытындылап, магниттік мектептердің жұмысына сәттілік тіледі.









ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru