Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға оқу - жаттығу
06
февраль
2024
Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға оқу - жаттығу
Әл - Фараби атындағы мамандандырлыған лицейінде 6 ақпан күні жоспарлы арнайы оқу - жаттығу өткізілді. Жер сілкінісі кезінде, өрт болған жағдайда  құтқарушылардың іс-әрекеті көрсетілді.. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – білім алушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру. Лицейімізде қауіпсіздік жүйесі толығымен сақталған. Дәлірек айтқанда, өрт дабыл жүйелері, дауыстық және дыбыстық хабарлама жүйелері жұмыс істеп тұр.
"Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел
01
февраль
2024
"Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел
2024 жылдың 1 ақпан күні Әл - Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде Даналық мектебінің  "Жеңге кеңесі" клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел өткізілді.. Алғашқы сөзді директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызы бастап, ата-аналармен қыз тәрбиесі жөнінде сұхбат жүргізді. Әрі қарай  "Данышпаным" балаларды дамыту орталығының директоры Жұмаханова Нурсулу Молдатореқызы сөз алып, "Қыз ғұмырдың
"Даналық мектебі" клубының ұйымдастыруымен өткен Сейілбек Мырзабай мен ата- аналар кездесуі
30
январь
2024
"Даналық мектебі" клубының ұйымдастыруымен өткен Сейілбек Мырзабай
30 қаңтар күні лицейімізде Даналық мектебі клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалықтан Даналыққа" кітабының авторы, сарапшы - психолог Сейілбек Мырзабаймен ата- аналар кездесуі болды. Даналық мектебінің “Аға қамқорлығы” клубының жұмысы лицейдің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өтті.  Кездесу ағалар арасында болған “Ағасы бардың - жағасы бар” тақырыбындағы қызықты әңгімелермен аяқталды.
"Robotex Grand tournament" облыстық робототехника чемпионаты
25
январь
2024
"Robotex Grand tournament" облыстық робототехника чемпионаты
2024 жылдың 25 қаңтар күні Қонаев қаласында "Robotex Grand tournament" облыстық робототехника чемпионаты өтті. Лицейдің 8 сынып  оқушысы  Елеусіз Мансұр 1 орын жеңімпазы атанып,  Алматы облысының намысын қорғау үшін Астанаға жолдама алды. Сәттілік серік болсын!!! Жетекшілері Әділхан Шыңғыс, Байзақов Нұрдаулет ағайларымыз. Құттықтаймыз!!!!!
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы
23
январь
2024
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы
23 қаңтар күні лицейімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығындағы "Даналық мектебі" "Аталар өсиеті" және “Әже даналығы” клубтарының ұйымдастыруымен *"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты тақырыпта 4 - 9  сыныптар арасында ата- аналарға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру, халық өнерін үйрету мақсатында ата-аналар сайысы өтті.  4-сыныптар "Болашақ", 5-сыныптар "Мирас", 6-сыныптар "Асыл мұра", 
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жүлдегерлерін марапаттау салтанаты
16
январь
2024
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жүлдегерлерін марапаттау
Бүгін 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.  Облыстық кезеңге 35 оқушы қатысып, 21 оқушы жүлдемен оралды. Мамандандырылған білім беру мекемелерінің арасынан командалық есепте  Әл-Фараби командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Зіл - зала кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу жаттығуы
15
январь
2024
Зіл - зала кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу жаттығуы
2024 жылдың 15 қаңтар күні  Әл - Фараби лицейінде төтенше жағдайларға байланысты зіл - зала кезінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу жаттығуы өткізілді.  🔺Қауіпсіздік оқу жаттығуына  5 - 11 сынып оқушылары мен лицей ұстаздары, техперсоналдары қатысып, төтенше жағдайларға байланысты қауіп төнген жағдайдағы  іс - әрекет практика жүзінде көрсетілді. Қауіпсіз ара қашықтыққа оқушылар құрамынан сақшылар қойылып, білім алушыларды қауіпті орынға жақындатпай, арнайы ережеге
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
13
январь
2024
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
Ағымдағы жылдың 8-13 қаңтар күндері Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектебі базасында өткен ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Алматы облысы командасының құрамында физика пәнінен бағын сынаған Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 10Ә сынып оқушысы Есенғали Ерсұлтан Ауыл мектептері бойынша ең жоғарғы нәтиже" көрсеткені үшін арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен  марапатталды.  Жетекшісі Сағатбек Амангүл
РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ - 2024
09
январь
2024
РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ - 2024
2024 жылдың 8-9 қаңтар күндері СДУ базасында мамандандырылған білім беру мекемелерінің робототехникамен айналысатын оқушылары арасында  РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өтті.  Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің  "FARABI ROBOTICS" жасөспірімдер командасы  "MOTIVATION" awards номинациясына ие болды. Жетекшілері - лицей мұғалімдері Байзақов Нұрдәулет, Әділхан Шыңғыс.  Жас робот құрастырушыларды құттықтаймыз!!! 
Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
06
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың облыстық
2024 жылдың 4-6  қаңтар күндері Алматы облысы білім басқармасының "Жас дарын"  орталығы ұйымдастырған 9-11 сынып оқушылары арасында Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 35 оқушысы 11 пән бойынша қатысып, төмендегідей жетістікке жетті.  І орын жеңімпаздары: 💫 Тұрсынбай Ақнұр, математика, 11 сынып, Нәсір Л. 💫Умиров Айдархан ағылшын тілі, 11 сынып, Дуйсебекова Қ. 💫Маяк Айғаным, ағылшын тілі, 10
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 26 Вперед


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru