Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға оқу - жаттығу
06
февраль
2024
Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға оқу - жаттығу
Әл - Фараби атындағы мамандандырлыған лицейінде 6 ақпан күні жоспарлы арнайы оқу - жаттығу өткізілді. Жер сілкінісі кезінде, өрт болған жағдайда  құтқарушылардың іс-әрекеті көрсетілді.. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – білім алушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру. Лицейімізде қауіпсіздік жүйесі толығымен сақталған. Дәлірек айтқанда, өрт дабыл жүйелері, дауыстық және дыбыстық хабарлама жүйелері жұмыс істеп тұр.
"Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел
01
февраль
2024
"Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел
2024 жылдың 1 ақпан күні Әл - Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде Даналық мектебінің  "Жеңге кеңесі" клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Қыз ғұмырдың құпиялары" тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел өткізілді.. Алғашқы сөзді директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызы бастап, ата-аналармен қыз тәрбиесі жөнінде сұхбат жүргізді. Әрі қарай  "Данышпаным" балаларды дамыту орталығының директоры Жұмаханова Нурсулу Молдатореқызы сөз алып, "Қыз ғұмырдың
"Даналық мектебі" клубының ұйымдастыруымен өткен Сейілбек Мырзабай мен ата- аналар кездесуі
30
январь
2024
"Даналық мектебі" клубының ұйымдастыруымен өткен Сейілбек Мырзабай
30 қаңтар күні лицейімізде Даналық мектебі клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалықтан Даналыққа" кітабының авторы, сарапшы - психолог Сейілбек Мырзабаймен ата- аналар кездесуі болды. Даналық мектебінің “Аға қамқорлығы” клубының жұмысы лицейдің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өтті.  Кездесу ағалар арасында болған “Ағасы бардың - жағасы бар” тақырыбындағы қызықты әңгімелермен аяқталды.
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы
23
январь
2024
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы
23 қаңтар күні лицейімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығындағы "Даналық мектебі" "Аталар өсиеті" және “Әже даналығы” клубтарының ұйымдастыруымен *"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты тақырыпта 4 - 9  сыныптар арасында ата- аналарға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру, халық өнерін үйрету мақсатында ата-аналар сайысы өтті.  4-сыныптар "Болашақ", 5-сыныптар "Мирас", 6-сыныптар "Асыл мұра", 
Зіл - зала кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу жаттығуы
15
январь
2024
Зіл - зала кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу жаттығуы
2024 жылдың 15 қаңтар күні  Әл - Фараби лицейінде төтенше жағдайларға байланысты зіл - зала кезінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу жаттығуы өткізілді.  🔺Қауіпсіздік оқу жаттығуына  5 - 11 сынып оқушылары мен лицей ұстаздары, техперсоналдары қатысып, төтенше жағдайларға байланысты қауіп төнген жағдайдағы  іс - әрекет практика жүзінде көрсетілді. Қауіпсіз ара қашықтыққа оқушылар құрамынан сақшылар қойылып, білім алушыларды қауіпті орынға жақындатпай, арнайы ережеге
"Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп" облыстық байқауы
27
ноябрь
2023
"Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп" облыстық байқауы
Бүгін Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде Алматы облысының білім басқармасы және "Жас Дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп" байқауы өтті. Байқауға лицей директоры Б.Мустафина, психолог А.Мукажанова, педагог-ұйымдастырушы А.Тұрсынғалиқызы, ата-ана Б.Кайыпов және оқушы Б.Максетбаев қатысты. Лицей командасына сәттілік тілейміз!
7-сыныптар арасында өткен «MIBATTLE» интеллектуалды ойыны
17
ноябрь
2023
7-сыныптар арасында өткен «MIBATTLE» интеллектуалды ойыны
7-сыныптар арсенида «АҚПАРАТ» фракциясының ұйымдастыруымен өткен «MIBATTLE» интеллектуалды ойынының қорытындыларына келетін болсақ:  «БАС ЖҮЛДЕ» - 7«А» сыныбы   «1-орын» - 7«Д» сыныбы  «2-орын» - 7«Г» сыныбы  «3-орын» - 7«В» сыныбы  Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Білімдеріңізді шыңдап осы жолдан таймаңыздар!   
"Алтын доп" футбол жарысы
15
ноябрь
2023
"Алтын доп" футбол жарысы
Қазан айының 15-20-сы күндері “Спорт және салауатты өмір салты” фракциясының ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында лицейімізде “Алтын доп” футбол жарысы өтті.  Жүлделі орын иегерлері:   🥇1 - орын: Agresso  🥈2 - орын: Алмалыбақ   🥉3 - орын: PSG   Жеңістеріңіз құтты болсын!
Лицей балы
27
октябрь
2023
Лицей балы
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 9-10 сыныптар арасында 27 қазан күні “Маскарад” тематикасында “Лицей балы”  өткізілді. “Лицей балы”-ның кезеңдері төмендегідей:  1-тур: Сән үлгісі  -Қатысушылар көйлектерін безендіріп, өздерінің таңдаған киім үлгісінің мән-мағынасын түсіндіреді. (Еркін тақырып,1минут) 2-тур: Қолөнер  -Қатысушылардың тапқырлығы мен шеберліктеріне байланысты (күз мезгіліне қатысты, 1,5 минут). 3-тур: Музыкалық көрініс. Сөзсіз, қимылмен көрініс қою (3 минут).
Сенбілік
21
октябрь
2023
Сенбілік
“Экология және еңбек” фракциясының ұйымдастыруымен “Адам деген - әлемнің анық бағы” атты сенбілік өтті.


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru