Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы
23
январь
2024

"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты ата-аналар сайысы

23 қаңтар күні лицейімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығындағы "Даналық мектебі" "Аталар өсиеті" және “Әже даналығы” клубтарының ұйымдастыруымен *"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" атты тақырыпта 4 - 9  сыныптар арасында ата- аналарға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру, халық өнерін үйрету мақсатында ата-аналар сайысы өтті.
 4-сыныптар "Болашақ", 5-сыныптар "Мирас", 6-сыныптар "Асыл мұра", 
7-сыныптар "Мұрагер", 
8-сыныптар "Шаңырақ", 
9-сыныптар "Ақ босаға" топтары 4-кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. 
  Сайыс нәтижесі бойынша 
💫3 орынды 9 және 7 сыныптар, 
 💫2 орынды 4 және 8 сыныптар,
💫1 орынды 6 сыныптар, 
💫Бас жүлдені 5 сыныптар иеленді.
Сайыс соңында ақсақалдар батасын беріп, әжелер ақ тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатынына көзіміз жетті.







ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru