Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тарих. Тағылым. Келешек» атты қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі өтті
12
февраль
2023

«Тарих. Тағылым. Келешек» атты қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі өтті

🔺Ақпан айының 1-10 күндері аралығында лицейде қоғамдық пәндер кафедрасының «Тарих. Тағылым. Келешек» атты қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі өтті.☑️
♦️Онкүндік барысындағы іс-шаралар оқушылардың тарихи дүниетанымын кеңейтуге, азаматтық ұстанымы мен ұжымдық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
♦️Онкүндіктің ашылуы барысында оқушылар ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен Түркі дәуірінде Ұлы далада көшпелілердің металды игеріп, темір балқыту ісін қалай меңгергенін көне заттар арқылы ғана емес, жанды экспонаттар арқылы да жеткізе білді. Сондай-ақ,«Алтын адам»,«Сақ патшайымы -Томирис»,«Қазақ хандары мен батырлары»,«Қазақ әйелі мен қыздарының» образы,«Қазақ зиялылары» тақырыптары қатысушылардың назарын аударды.
♦️Онкүндік танымдық-интеллектуалдық сайыстар, конференциялар, шығармашылық жобалар көрмесі, «Музей күнімен» жалғасын тауып, тарихи кешпен қорытындыланды. Атажұртты аңсаған қандас бауырларымыздың өмірі мен сағынышы, көк байрақ Туымыздың тарихы тарихи кештің басты тақырыптары болды.
♦️Қорытындылай келе, шығармашылық жобалар көрмесіне үздік жобалар ұсынған және қабырға газеттерінде өзекті тақырыптарға үздік мақала жариялаған сыныптар алғыс хаттармен марапатталды.

 


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru