Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылына 5 сыныпқа білім алушыларды қабылдау
01
февраль
2024

2024-2025 оқу жылына 5 сыныпқа білім алушыларды қабылдау

Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі 2024-2025 оқу жылына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.


Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Лицейге қабылдау 5 - сыныптарда жүзеге асырылады.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://www.qabyldau.daryn.kz сілтемесі бойынша өтеді.


Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1. Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (сайттағы үлгі бойынша);
2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4. Оқушының сандық фотосуреті;
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда)

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 Мбайттан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеу уақыты тіркеу кезінде көрсетілген электронды мекен жайға және телефон номеріне алдын ала хабарланады.

Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің ғимаратында өтеді.



Техникалық сұрақтар бойынша 87277153939, 87774854394 телефондарына хабарласыңыз.


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru