Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
10
февраль
2022
«Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
Гимназиямызда 9 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Поэзия кеші ақынның өз дауысымен оқылған өлеңімен ашылды. Шарада гимназияның 5-8-сынып оқушылары Мұқағалидың әр түрлі тақырыптағы өлеңдеріп оқып, көрермендерді жырларымен сусындатты. Сондай-ақ кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып,«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісімен қойылым көрсетілді.
«Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс
09
февраль
2022
«Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында «Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты-оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, көшбасшылыққа бағыттау. Сайыс 5 кезең бойынша жүргізілді. Білімімен, тапқырлығымен танылған оқушылар жүлделі орындармен және номинациялармен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы басталды
07
февраль
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы басталды
  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы басталды. 💎Апталықта назарларыңызға әдеби тұлғаларға арналған танымдық бейнесабақтар топтамасымен бірге интеллектуалды сайыстар, рухани- танымдық конференция, эссе мен көркем жазу байқауы, ән мен жыр кеші ұсынылады. Оқушыларымызға сәттілік, белсенділік тілейміз!🙌
«Отан тарихы – тарихты түзуші ғалыммен байланысты»
07
февраль
2022
«Отан тарихы – тарихты түзуші ғалыммен байланысты»
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында «Отан тарихы – тарихты түзуші ғалыммен байланысты» атты онлайн кездесу болып өтті. Кездесуге мектеп оқулықтарының авторы, тарихнамашы-ғалым, т.ғ.д, профессор Т.Ә.Төлеубаев, Отан тарихының проблемаларымен айналысушы т.ғ.к, қауымдастырылған профессор Г.Е. Абикенова, 11-сынып оқушылары және Алматы облысына қарасты Қарасай, Райымбек аудандарының магниттік мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Кездесу
Қоғамдық пәндер кафедрасы апталығының қорытындысы
07
февраль
2022
Қоғамдық пәндер кафедрасы апталығының қорытындысы
Қоғамдық пәндер кафедрасының апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімдері Қ.Әлімбаев, А.Данабаева, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімі А.Райханова, құқық пәнінің мұғалімі С.Талғат өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ашық сабақтар өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Айтқазы Қуаныштың ұйымдастыруымен 10А сыныбында «Жас тарихшы» интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар «Тарихи тұлға», «Белес», «Сырға толы карта» турлары бойынша білімдерімен сынға түсіп, үздіктер анықталды.
«Қалыптасқан Қазақстан - табысты мемлекет моделі» онкүндігі
01
февраль
2022
«Қалыптасқан Қазақстан - табысты мемлекет моделі» онкүндігі
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында «Қалыптасқан Қазақстан - табысты мемлекет моделі» тақырыбында қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі басталды. Онкүндік барысында түрлі шаралар, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарымен кездесу, әлемнің танымал мұражайларына виртуалды саяхат, ашық сабақтар, тарихи қойылымдар мен танымдық конференцияларды тамашалай аласыздар!
МИФ кафедрасы апталығының қорытындысы
01
февраль
2022
МИФ кафедрасы апталығының қорытындысы
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы МИФ кафедрасы апталығының қорытындысы  
МИФ кафедрасының «ГРАФИК» атты апталығы басталды
26
январь
2022
МИФ кафедрасының «ГРАФИК» атты апталығы басталды
  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында МИФ кафедрасының «ГРАФИК» атты апталығы басталды! Гимназия оқушыларын дарынды жастың ішкі резервін, таланты мен қабілетін ашатын, зеректігін байқайтын түрлі шараларға қатысуға шақырамыз! Білімге жол ашып, ғылымды меңгерейік!
«Қазақстанға 30 өлең» атты челленджі - 9 Б
18
декабрь
2021
«Қазақстанға 30 өлең» атты челленджі - 9 Б
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының 9А сынып оқушылары жолдаған «Қазақстанға 30 өлең» атты челленджді 9Б сынып оқушылары жалғастырады. #Тәуелсіздікке30жыл  
«Қазақстанға 30 өлең» атты челленджі
18
декабрь
2021
«Қазақстанға 30 өлең» атты челленджі
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының 9А сынып оқушылары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанға 30 өлең» атты челленджін гимназия оқушыларына жолдайды🙌 Челлендж елге деген құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, ұлттық рух ұғымдарын терең қамтуы тиіс #Тәуелсіздікке30жыл  


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru