Облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты.
Облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты.
🔹Қаңтардың 22 күні Есік қаласының мәдениет үйінде "Жас дарын" орталығының ұйымдастыруымен 9-11 с.арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада және 8-11 с. арналған Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
🔹Алматы облысы білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызы жүлдегерлерді құттықтап, дипломдарды табыстады.
🔹Облыстық олимпиада нәтижесін сараптай келе, мамандандырылған лицейлер арасында командалық есепте Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің "Фараби дарыны" командасы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
🔹Шәкірт тәрбиелеп, олимпиада жолында жүрген барлық әріптестерімізді, дарынды оқушыларымыз бен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!!!


