15
октябрь
2022
Ұлағатты ұстаз Қайырбек Сахасынұлымен кездесу өтті
☑️Ұстазбен кездесу
Лицейдің бүгінгі жетістіктері мен табыстарының артында ардагер ұстаздарымыздың бағыт-бағдары мен үлкен еңбегі жатыр.
☑️Әл-фараби атындағы мамандандырылған лицейінде «Білім мен спорт - денсаулық кепілі» атты спорт кафедрасының онкүндігі аясында лицейімізде ұзақ жылдар қызмет атқарған, ұлағатты ұстаз Қайырбек Сахасынұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында лицей абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктетіп жүрген оқу мен білім, спортты қатар алып, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары атанған оқушыларымыз ортаға шығып, спорттың дзюдо, грекрим күресі, таеквондо, бокс, волейбол, футбол, ритмикалық би, жеңіл атлетика, шахмат түрлері бойынша қимыл түрлерін көрсетті.
Лицей директоры Б. Мустафина ардагер ұстазға жылы лебізін білдіріп, оқушыларға әр сайыста жеңіс тіледі. Кездесу соңында Қайырбек Сахасынұлы шәкірттерімен бірге дене қимылдары жаттығуын жасап, оқушылары мен әріптестерінің қошеметіне бөленді.