Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Наурыз-думан» мерекелік шарасы
20
март
2022
«Наурыз-думан» мерекелік шарасы
«Наурыз-думан» мерекелік шарасы 🔷Әшекей бұйымдар Таныстырушы: 5В сынып оқушылары, сынып жетекшісі-Алтаева К.
Наурыз мерекесін тойлау жаңаша форматта жүргізілді
20
март
2022
Наурыз мерекесін тойлау жаңаша форматта жүргізілді
🔷Гимназияда оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың ұйымдасуымен Ұлыстың ұлы күні- Наурызды бүкілхалықтық мереке ретінде атап өтуге ерекше назар аударылды. ☑️Мерекенің мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыруға бағытталуы тиіс. ☑️Сыныптарға салт-дәстүрлер бойынша тапсырмалар беріліп, Наурыз мерекесін тойлау жаңаша форматта жүргізілді.
«Ғасырлар пернесі» фольклорлық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті
19
март
2022
«Ғасырлар пернесі» фольклорлық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті
«Ғасырлар пернесі» фольклорлық ұлт-аспаптар оркестрінің «Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты шығармашылық есеп беру концерті Оркестр жетекшісі- музыка пәнінің мұғалімі Сапарханова Гүлнар Рақымжанқызы 1️⃣Ахмет Жұбанов «Би» күйі 2️⃣Домбырашылар ансамблінің орындауындағы «Ерке сылқым» күйі 3️⃣ Абай Құнанбаевтың «Айттым, сәлем, Қаламқас»,«Көзімнің қарасы» әндері  
«Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты шығармашылық есеп беру концерті
19
март
2022
«Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты шығармашылық есеп беру концерті
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында «Ғасырлар пернесі» фольклорлық ұлт-аспаптар оркестрінің «Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты шығармашылық есеп беру концерті өтті. Оркестр жетекшісі- музыка пәнінің мұғалімі Сапарханова Гүлнар Рақымжанқызы. 🔷Концертке ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаған ардагер ұстаз Шынтемір Мырзамұратұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Бекентұров Жанас. 🔵Концерт күй атасы
«ІЗГІ ІСТЕР ШЕБЕРХАНАСЫ» ұйымдастырылды
18
март
2022
«ІЗГІ ІСТЕР ШЕБЕРХАНАСЫ» ұйымдастырылды
🔷Өнер, өзінтану кафедрасы онкүндігі аясында өзінтану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ІЗГІ ІСТЕР ШЕБЕРХАНАСЫ» ұйымдастырылды. Шеберханада оқушылар, ұстаздар, ата- аналар өз қызығушылықтарына қарай әртүрлі туындылар ойластырып, қорғады. ☑️Бұл шеберхана қатысушылардың өздерін теріс әсерден қорғауында, дененің тынығуында, бойларындағы күш пен төзімділікті сезінуінде ізгі іс болды.
«Сиқырлы құмыра» шеберлік сағаты ұйымдастырылды
17
март
2022
«Сиқырлы құмыра» шеберлік сағаты ұйымдастырылды
🔷Өнер, өзінтану онкүндігі аясында «Сиқырлы құмыра» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатында гимназия мұғалімдері құмыра жасаудың қыр-сырымен танысып, әсем музыка ырғағында құмыра безендірді. Қолдарынан шыққан туындыларын естелік ретінде өздерімен бірге алып қайтты. Бұл шеберлік сағаты жан тыныштығынан бөлек, ептілік, логика, ыждағаттылық пен шеберлік қасиеттерін байланыстыра білген жұмыс ретінде бағаланды. ☑️Шеберлік сағатын ұйымдастырған-көркем еңбек пәні мұғалімі Жәнет Дәлел
«Зерде» интеллектуалды теле-ойынында Төлепбек Мағжан жүлделі 3 орынды иеленді
17
март
2022
«Зерде» интеллектуалды теле-ойынында Төлепбек Мағжан жүлделі 3 орынды
Құттықтаймыз! 👏 11 сынып оқушыларымен «Жетісу» телеарнасында өткен облыстық «Зерде» интеллектуалды теле-ойынында гимназиямыздың 11В сынып оқушысы Төлепбек Мағжан жүлделі 3 орынды иеленіп, 500 000 теңге ұтып алды! Жарайсың, Мағжан! Біліміңмен озып, тек алда бол! 🔷Мағжанға білім берген барлық пән мұғалімдеріне үлкен Алғыс білдіреміз! 👏
Отбасылық құндылықтарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілді
17
март
2022
Отбасылық құндылықтарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілді
☑️Гимназияда 16 наурыз күні отбасылық құндылықтарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібі бойынша: 🔽 🔷Гимназия директоры Мустафина Бакшагул Байзаққызы тақырып аясында сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөліне кеңінен тоқталды. 1️⃣«Өмірдің мәні- құндылық жинау» тақырыбында ата-ана, биология ғылымдарының докторы Дамира Анарбекованың дәрісі тыңдалды. 2️⃣Ата-аналар берілген сұрақтар бойынша топтық тренингтерге қатысты. Топтық тренингтер «Бала өмірі-басты құндылық», «Сіз балаңызды
«Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» атты этноауыл көрмесі
16
март
2022
«Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» атты этноауыл көрмесі
☑️ Өнер кафедрасының «Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» атты этноауыл көрмесі көпшіліктің көзайымына айналды. 🔷Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарымен безендірілген этнокөрме Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналады. #Наурыз-думан
«Мың бояу» шығармашылық байқауы өткізілді
16
март
2022
«Мың бояу» шығармашылық байқауы өткізілді
☑️«Өнерлі болу-арманым, өзіңді тану-адам болып қалғаның» атты өнер, өзінтану кафедрасының онкүндігі аясында жас таланттар мен дарындыларды анықтау мақсатында бейнелеу өнерінен мектепішілік «Мың бояу» шығармашылық байқауы өткізілді. ☑️«Мың бояу» сурет көрмесіне әртүрлі тақырыптағы оқушылар шығармашылығы ұсынылды. ☑️Жетекшісі- көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жәнет Дәлел


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru