Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХХІ ғасыр- жаратылыстану ғылымдарының дәуірі
22
февраль
2022
ХХІ ғасыр- жаратылыстану ғылымдарының дәуірі
  Гимназияда «ХХІ ғасыр- жаратылыстану ғылымдарының дәуірі» тақырыбында жаратылыстану пәндері кафедрасының онкүндігі басталды. 🔷Мақсаты: Жаратылыстану пәндеріне оқушыларды қызықтыру арқылы интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. 🔵Онкүндік аясында дебат ойыны, жәрмеңке, химиялық эстафета мен лабораториялық сабақтар, конференция ұйымдастырылады. 💎Гимназия оқушыларын белсене қатысуға шақырамыз!
«Толағай» қысқы спорттық ойыны өткізілді
20
февраль
2022
«Толағай» қысқы спорттық ойыны өткізілді
Гимназияда «Жасұлан» балалар ұйымының «Алаш прайд» клубының ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Толағай» қысқы спорттық ойыны өткізілді. 🔷Ойын «Мергендер»,«Кім жүйрік?»,«Вышибала»,«Қар үстіндегі күрес» кезеңдері бойынша жүргізілді. 🔵Ойын қызықты әрі көңілді өтті.
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
17
февраль
2022
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында. ====== WWW.DARYN.KZ ====== НЕЧНЕТСЯ ПРИЕМ ЗАЯВОК ДЛЯ ПОСТУПЛЕНИЯ В
«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ
15
февраль
2022
«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ
«АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ» Олимпиада 2022 жылы «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік басшылықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 85 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында жүргізіледі.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі (9-11)
14
февраль
2022
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі (9-11)
  🔵 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші аудандық (қалалық) кезеңі 2022 жылдың 14-19 ақпан өтеді. Олимпиада Қазақстан бойынша бір мезетте өткізіледі. Пәндік олимпиадалар- белгілі бір талаптар аясында оқушылардың білімін сынайтын білім додасы. 2022 жылы Олимпиада жаңаша форматта, сондай-ақ арнайы кесте бойынша өткізіледі. 🔵 Второй районный (городской) этап Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для 9-11 классов
Әл-Фараби атындағы гимназия 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды
12
февраль
2022
Әл-Фараби атындағы гимназия 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды
  НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы 2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде 5-сыныпқа оқушылар қабылдайды. @alfarabi_school_news 🔹Тіркеу уақыты: 2022 жылдың 1 наурыз бен 1 сәуір аралығы 🔹Сілтеме: https://qabyldau.daryn.kz/ru/index.php @zhetisu_daryny @zhetysu_bilim
XVII республикалық «Зерде» конкурсының марапаттау рәсімі
11
февраль
2022
XVII республикалық «Зерде» конкурсының марапаттау рәсімі
Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII республикалық «Зерде» конкурсына бойынша қорытынды ақпарат 11 ақпан күні Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII республикалық «Зерде» конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Облыстан қатысқан 17 оқушының 8-і жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде, гимназиямыздың 3-сынып оқушысы Шегебаева Алтынай жүлделі III
«Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
10
февраль
2022
«Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
Гимназиямызда 9 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Әр өлеңі-бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Поэзия кеші ақынның өз дауысымен оқылған өлеңімен ашылды. Шарада гимназияның 5-8-сынып оқушылары Мұқағалидың әр түрлі тақырыптағы өлеңдеріп оқып, көрермендерді жырларымен сусындатты. Сондай-ақ кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып,«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісімен қойылым көрсетілді.
«Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс
09
февраль
2022
«Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында «Білімді ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі» атты 8- сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты-оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, көшбасшылыққа бағыттау. Сайыс 5 кезең бойынша жүргізілді. Білімімен, тапқырлығымен танылған оқушылар жүлделі орындармен және номинациялармен марапатталды.
Мейірбек Қуаныш жүлделі 3 орынға ие болды
08
февраль
2022
Мейірбек Қуаныш жүлделі 3 орынға ие болды
*Құттықтаймыз👏* V-ші Халықаралық математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері мен тренерлеріне арналған олимпиадада гимназиямыздың математика пәнінің мұғалімі, жас маман Мейірбек Қуаныш жүлделі 3 орынға ие болды. Шығармашылық табыстар тілейміз!


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru