Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дарын зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
28
октябрь
2023
Дарын зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Қазанның 20-24 күндері лицейде жалпы білім беретін пәндерден зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Білім алушылар "Дарын" РҒПО сайтында тіркелген тақырыптары бойынша жобаларын қорғады. Жалпы конкурсқа 34 жоба қатысып, 19 жоба облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық жүлдегерлерге екінші кезеңде сәттілік тілейміз.
Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
28
октябрь
2023
Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
✅27-28 қазан күндері Алматы қаласы Ш.Смағұлов атындағы физика-математикалық мектебі базасында "National Geographic Qazaqstan" журналы және "Chevron"компаниясының демеушілігімен, "Жас Дарын" орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында географиядан Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. ✅Олимпиада нәтижесі бойынша 7 сынып оқушылары Шаймұрат Нұрдаулет 2 дәрежелі дипломмен, Әбдуәлі Нұрдаулет 3 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері-Достарбаева Ажара
«Тіл халық пен мәдениет тірегі» атты тілдер айлығында өткен іс-шаралар
26
октябрь
2023
«Тіл халық пен мәдениет тірегі» атты тілдер айлығында өткен іс-шаралар
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде «Тіл халық пен мәдениет тірегі» атты тілдер айлығында өткен іс-шаралар: ✅ "Бұл палата (БП) қазақ тілі жасанды интеллектің тіліне айналса ғана жойылмай сақталып қалады деп есептейді» деген тақырыпта 10 сыныптар арасында дебат; ✅9 сыныптармен «Білгірлер сайысы» интеллектуалды марафоны; ✅8 сыныптармен «Өр рухты, өршіл ақын Махамбет өмірі мен шығармашылығына арналған поэзия кеші»; ✅ 6 сыныптар арасында «Тіл татулық тірегі» атты зияткерлік сайыс; ✅ 6-10
Жас көшбасшылар слеті
24
октябрь
2023
Жас көшбасшылар слеті
🔷Жас көшбасшылар слеті Республика бойынша тұңғыш рет тәрбие берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатында Алматы облысының білім басқармасы мен “Ұлттық құндылықтар академиясы” меморандумы аясында өткізілген “Ұлттық құндылықтар-ХХІ ғасырдағы рухани шамшырағымыз” тақырыбындағы І облыстық “Жас көшбасшылар Слетінде” лицей атынан шыққан “Фараби мұрагерлері” командасы жүлделі 3-орынды иеленді! 🔷Команда құрамында болған 6Ж сынып білім алушыларын және сынып жетекшісі Берікқызы Раушанды құттықтаймыз!👏
"Зерде" зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
18
октябрь
2023
"Зерде" зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 13-17 қазан аралығында 4-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Конкурсқа жалпы 39 білім алушы қатысып, ең жоғарғы ұпай жинаған 23 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.👏🏼
"Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
18
октябрь
2023
"Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
📝”Ақберен” байқауы Алматы облысының шығармашыл оқушылары арасында өткен "Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушылары жетістікке жетті. ✅ Эссе номинациясы бойынша Жабықбай Әсем ІІІ дәрежелі диплом, жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті Сайын Аида Меңдібайқызы; ✅Ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша Жақыпбек Аманжол ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі- музыка пәні мұғалімі Сапарханова Гулнар Рахимжановна. Құттықтаймыз!👏 
«Білім - тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы” тақырыбымен Республикалық педагогтердің І съезі өтті
14
октябрь
2023
«Білім - тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық
📝Биыл алғаш рет бекітілген 5 қазан-Мұғалімдер күніне орай Астанада «Білім - тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы” тақырыбымен Республикалық педагогтердің І съезі өтті. 📝Съезге Алматы облысы делегациясының құрамында лицейіміздің тәжірибелі маманы, педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайын Аида Меңдібайқызы делегат болып қатысып қайтты. Бұл - біздің лицейіміз үшін үлкен құрмет пен жетістік!👏 Лицейіміздің мәртебесі асқақтай берсін! Шығармашылық
Жылдың үздік мұғалімі-2023
12
октябрь
2023
Жылдың үздік мұғалімі-2023
💫Жыл жетістігі Биылғы өткен “Жылдың үздік мұғалімі-2023” облыстық байқауында лицейіміздің физика пәні мұғалімі Сағатбек Аманкул жүлделі ІІІ орынды иеленді. 💐Құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!
Мұғалімдер күніне арналған лицейдегі “Дублер” күнінен
12
октябрь
2023
Мұғалімдер күніне арналған лицейдегі “Дублер” күнінен
✅Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған Мұғалімдер күніне арналған лицейдегі “Дублер” күнінен…
Мектеп Парламенті Президенті- 10 “А” сынып оқушысы Төлепбек Арайлым
12
октябрь
2023
Мектеп Парламенті Президенті- 10 “А” сынып оқушысы Төлепбек Арайлым
💫”Өзін-өзі басқару” ұйымының Мектеп Парламенті Президенті- 10 “А” сынып оқушысы Төлепбек Арайлым. Құттықтаймыз! 👏👏👏 Алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru