Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп Парламенті Президентін сайлауы ұйымдастырылды
12
октябрь
2023
Мектеп Парламенті Президентін сайлауы ұйымдастырылды
✅Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде “Өзін-өзі басқару” ұйымының Мектеп Парламенті Президентін сайлауы ұйымдастырылды. Сайлау шарты бойынша: 🔖Сайлауға 7-11 сынып оқушылары үміткер болды; 🔖 Үміткерлер алдын - ала үгіт насихат жұмыстарын жүргізді; 🔖 Лицей ұстаздары және білім алушылары өз дауыстарын берді. Сайлауға 8 үміткер қатысып, нәтижесі “Өзін-өзі басқару” ұйымының парақшасында тікелей эфир арқылы анықталды. Мектеп Парламентінің Президенті➡️➡️➡️
"Республикалық балалар оқулары" байқауының облыстық кезеңі
12
октябрь
2023
"Республикалық балалар оқулары" байқауының облыстық кезеңі
📚Бүгін Қонаев қаласында "Жас дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Республикалық балалар оқулары" байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға лицейдің 8Ә сынып оқушысы Қази Ернұр қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды!👏 Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәрсенғалиева Мөлдір Сәрсенғалиқызы. Ернұр 1 ай көлемінде Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" және Д.Лондонның "Теңіз қорқауы" кітаптарын оқып, шығарма мазмұны бойынша тест тапсырып, басты кейіпкер Тұрар бейнесін қазіргі жастар мінезімен
"Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсы
11
октябрь
2023
"Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсы
📝Бүгін лицейде "Менің шағын Отаным" республикалық интеллектуалдық конкурсының мектепішілік кезеңі өтуде. Қатысушыларға сәттілік!🙌🏼
Ұстаздар мерекесіне орай лицей түлектерінің құттықтауы
06
октябрь
2023
Ұстаздар мерекесіне орай лицей түлектерінің құттықтауы
💐Ұстаздар мерекесіне орай лицейдің 2007 жылғы түлегі, “Alashankou Sinooil Fanya”халықаралық компаниясының логистика бөлімінің бас маманы Мелін Данияр өз құттықтауын жолдайды. 💐Лицейдің 2015 жылғы түлегі, Таэквондодан Қазақстан құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР-ның 8 дүркін чемпионы Базарбаев Әділет Нұржаубайұлының ұстаздарға деген құттықтау бейнеролигі 💐Лицейдің 2009 жылғы түлегі Жазылбекова Ұлжанның ұстаздарға деген құттықтау бейнеролигі
5 қазан-Мұғалімдер күніне арналған “Ұстазым менің, ұстазым!” атты челлендж
05
октябрь
2023
5 қазан-Мұғалімдер күніне арналған “Ұстазым менің, ұстазым!” атты
💐5 қазан-Мұғалімдер күніне арналған “Ұстазым менің, ұстазым!” атты челлендж аясында лицейдің 2008 жылғы бітіруші түлегі Әбдіоразова Әйгерім ұстаздарына деген жылы лебізін жолдайды. 💐5 қазан-Мұғалімдер күніне арналған “Ұстазым менің, ұстазым!” атты челлендж аясында лицейдің 2008 жылғы бітіруші түлегі "I Medicus" лор орталығының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, "Азия-Лор" қоғамының негізін қалаушыларының бірі Жанаев Нұрлан Серікұлының ұстаздарға арналған құттықтауы Ақырын жүріп, анық бас,
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
03
октябрь
2023
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
29 қыркүйек күні 5-6 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Облыстық кезеңге өткен оқушылар: ✅Тұрсынбекұлы Мейіржан - 5Ә сынып; ✅Рақымбек Аңсар - 5Д сынып; ✅Бисимби Дін-Ахмет - 5Ж сынып; ✅Исмагулов Арлан - 6Г сынып; ✅Саяхат Нұрасыл - 6В сынып; ✅ Жаңабекұлы Ринат - 6В сынып. Жас математиктерге сәттілік тілейміз!
Ұстаз-мектептің жүрегі!
03
октябрь
2023
Ұстаз-мектептің жүрегі!
💐Ұстаз-мектептің жүрегі! Ұстаз деген-ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауhары. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. 📝Ресми түрде бекітілген 5 қазан-Мұғалімдер күніне орай лицей түлектері “Ұстазым менің, ұстазым!” челленджі аясында аяулы ұстаздарына деген жылы лебіздерін жолдайды. #ұстазымменіңұстазым #ұстазымамыңалғыс
Үлкендерді құрметтеу, қуанышқа бөлеу-баршамызға парыз!
02
октябрь
2023
Үлкендерді құрметтеу, қуанышқа бөлеу-баршамызға парыз!
💠Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі-ол біздің аталарымыз бен апаларымыздың мерекесі! Үлкендерді құрметтеу, қуанышқа бөлеу-баршамызға парыз! 💐Биылғы мерекеде лицейіміздің оқушылары ұрпағына ізгілік пен мейірімнің, парасат пен өнегенің биік үлгісін көрсете білген ардагер ұстаздарымызды құттықтап барып, жылы лебіздерін білдіріп қайтты. Ардагер ұстаздарымыздың бүгінгі ұрпақтың келешегі үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз! “Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет” көрсете білуді ұлттық құндылығымыз деп
“Ақберен" өнер байқауының мектепішілік кезеңі өтті
28
сентябрь
2023
“Ақберен" өнер байқауының мектепішілік кезеңі өтті
📃Бүгін Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде 8-11 сыныптардың шығармашыл оқушылары арасында республикалық “Ақберен" өнер байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Білім алушылар ақындар мүшайрасы, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету номинациялары бойынша бақ сынады. Әр номинация бойынша 1-орын алған бір жеңімпаз облыстық кезеңге өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!🙌
Биология пәнінен (IBO) халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері Амангелді Ислам 🥉 🧬
20
сентябрь
2023
Биология пәнінен (IBO) халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері
Биология пәнінен (IBO) халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері Амангелді Ислам 🥉 🧬 @rspc_daryn @jas__daryn @bilim_baskarmasi


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru