02
ноябрь
2021
Облыстық семинардың қорытынды бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шарамен жалғасты
Магниттік мектептермен жүргізілген «Мектептегі білім беру сапасын басқару және жақсарту: мәселелер және мүмкіндіктер» атты облыстық семинардың қорытынды бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шарамен жалғасты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, гимназияның 30 жылдығына арналған алғашқы мектептің ашылу сәтінен қойылым көрсетілді. Театрландырылған әдеби-сазды кеште гимназиядағы «Ғасырлар пернесі» ұлт-аспаптар оркестрі, «Сымбат» сән театры, «Балауса» би тобы, драма, хор, мәнерлеп оқу үйірмелерінің жұмыстары ұсынылды. Іс-шарада тәуелсіз ел құндылықтары қамтылып, қатысушыларға ерекше патриоттық рух сыйлады.









