13
май
2024
Облыстық дарынды балалар форумы -2024
Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы және Алматы облысының білім басқармасы басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызының қатысуымен облыстық дарынды балалар форумы өтті.
“Жас дарын” орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиынға лицей директоры Мустафина Бакшагуль Байзаковна және лицейіміздің республикалық олимпиада жүлдегерлері Маяк Айғаным, Есенғали Ерсұлтан, Насырғазы Даяна қатысып қайтты.
Лицейдің 9Ә сынып оқушысы Сапабек Алтынай облыс әкімі мен қонақтарға Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктерін таныстырып өтті.




