Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2023

Ғалымдармен кездесу

☑️Ғалымдармен кездесу
🔸Ата-аналар апталығы аясында Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-нің жас ғалымдарымен “Мамандық таңдау-өз болашағыңды айқындау” тақырыбында кездесу болып өтті.
🔸Кездесуге биология ғылымдарының докторы Искаков Аюп Рашидұлы, Топырақтану және агрохимия зертханаларының аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жусупбеков Ербол Қапарұлы, институттың дәнді бұршақ дақылдар лабораториясының ғылыми қызметкері Қанатқызы Мақпал, дəнді дақылдар лабораториясының кіші ғылыми қызметкері Мелдешов Алихан Бактиярулы қатысты.
🔸Бұл кездесу ата-ана-мектеп-оқушы арасындағы сұхбат арқылы жалғасып, мектепті ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеуші университетімен (ҚазҰАЗУ) байланыстырған игі шара болды. Институттың үш ғалым ата-аналары келіп, 9-сынып оқушыларымен кәсіп игеру, мамандық таңдау бойынша кездесу өткізді. Институттан кездесуге келген үш ғалымның екеуі осы лицей түлегі, үшеуі де жоғары білімді ғалым мамандар.
🔸Лицей директоры Бақшагул Байзаққызы білім алушылар үшін мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруде бұл кездесудің маңызы зор екендігін айтып өтті. Ғалым Аюп Рашидұлы агрономия саласындағы мамандықтардың тарихымен, еліміздің экономикасын өркендетуде осы мамандықтың маңызды болып табылатындығын атап өтті.
🔸Кездесуден соң оқушылар Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне барып, практикалық түрде дрондар туралы, электрондық микроскоп жұмысы, тағам қауіпсіздігі мен сапасын анықтау, Аквакультура мен гидропоника секілді иновациялармен танысып қайтты. Балалар көптеген нәрселер көріп, ғылымға қызығып, ой түйіп қайтты.
Бұл үлкен жұмыстың басы болып әлі жалғасын табады.









ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru