Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы
"Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 5-39-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Халықаралық, республикалық олимпиада жүлдегерлерінің Алматы облысы әкімімен кездесуі
30
май
2025

Халықаралық, республикалық олимпиада жүлдегерлерінің Алматы облысы әкімімен кездесуі





30 мамыр күні Қонаев қаласында дарынды балаларды ынталандыру және қолдау мақсатында 2024-2025 оқу жылындағы халықаралық және республикалық олипиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының облыс әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевпен кездесуі өтті.
 "Алматы облысының білім басқармасы" ММ-нің "Жас дарын" орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға мекеме басшысы Мустафина Бакшагуль Байзаковна және лицей оқушылары Ринатқызы Мадина, Жобаев Асланбек, Насырғазы Даяна, Рахматулла Інжу, Әшірбай Сания, Жанатұлы Бауыржан, Тұрсынбекұлы Мейіржан, Маяк Айғаным қатысты.
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық зерттеу жұмыстары, олимпиадалар және байқауларда үздік нәтиже көрсеткені үшін облыстық білім беру ұйымдары арасында жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынға иеленіп, дипломмен марапатталды.

Оқу жылының керемет нәтижесімен лицей ұжымы мен білім алушыларын құттықтаймыз!


ciprofloxacina 1000

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Хабибуллина көшесі, 9 үй

©2016-2020, Ресми сайт Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru